kk
Gratis

Әбу Насыр Әл-Фараби ІІ

  • hrafninnaricompartió una citahace 8 años
    ПАЙЫМДАМА /1/
    (39-бет) Интеллект деген сөзді түрлі мағынада қолдануға болады. Бірінші - қарапайым сөзде, адам жөнінде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші - әркім оны өзінше түсініп, мутакаллимдердің /2/ үнемі айтысқа түскенде
  • b7002269903compartió una citahace 4 años
    Интеллект деген сөзді түрлі мағынада қолдануға болады. Бірінші - қарапайым сөзде, адам жөнінде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші - әркім оны өзінше түсініп, мутакаллимдердің /2/ үнемі айтысқа түскенде айтатын мағынасында. Олар былай дейді: "Бұл өзі парасат растаған кезде айтылады" немесе: "Бұл парасат теріске шығарған кезде айтылады". Интеллект [сөзінің] үшінші [мағынасы] Аристотельдің "Дәлелдеме" /3/ деген трактатында айтылған. Төртінші мағынасы - тағы да сол Аристотельдің "Этика" деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Бесіншісі - "Жан туралы" трактатта. Алтыншысы -"Метафизикада" айтылған.
  • Machabbat Ospanbaevacompartió una citahace 5 años
    . "ҚАШАН?" КАТЕГОРИЯСЫ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАУ
  • Machabbat Ospanbaevacompartió una citahace 5 años
    мән затпен қатынаста және байланыста
  • Machabbat Ospanbaevacompartió una citahace 5 años
    Адамдардың (туа біткен қасиеттер) іс-әрекетттерін анықтайтын туа біткен қасиеттерінің адамдарға қатысы семсердің ұшының семсерге қатысы сынды және олар форма деп аталады.

    Кез келген заттың іс-әрекеті оның формасынан шығады, ол форма арқылы пайда болатын, форманың іс-әрекетіне ықпал ететін материяның ішінде болады. Олай болса, материяның заттың болмыс мәніне кіретін қасиеті болады.

    Сол кезде (заттың болмыс мәні) өзінің тіршілік етуші формасы үшін жаратылған, материяның ішіндегі заттың болмыс мәнінің белгілі бір мақсаты бар. Ал олай болса, онда адамдардың "мән" дегендері туа біткен қасиет және ол адам болмысының мәні болып табылады және бүл шынында да адамды адам ететін қасиет.
  • Machabbat Ospanbaevacompartió una citahace 5 años
    Бірігу дегеніміздің өзі белгілі бір қатынас, ал оның шығу тегі бұл заттардың орналасуындағы заттардың белгілі бір байланыста және басқаға қатынасында болуы жағдайға бағынышты болуға кіреді. Бірақ оны тек қана осы категориялардың біреуіне бағыныштылыққа кіргендігінен (ғана) жоғарғы шығу тегі деп қарастыруға болмайды.

    Оның шығу тегі жағдай болады, ал қалған барлығы - оны ажыратушы белгілері. Егер де кім де кімге біз жоғарыда айтқан жағдайды түк те елемей оларды қандай да бір құрамда біріктіру туралы (тілек ойына келсе), онда оның категориялардың ешқайсысына кірмеуі керек. Сондықтан біз "категория" ретінде жоғарыда айтылған қатынас арқылы айтқанның бәрі (95 6.) және жоғарыда айтылғандарды сапа ретінде еш анықтамайтын нәрсе категорияларға кірмейді.
  • Machabbat Ospanbaevacompartió una citahace 5 años
    Біз мұнда оларға осы қатынастың тиесілілігін айтып отырмыз.
  • Machabbat Ospanbaevacompartió una citahace 5 años
    Мысалы, ол барлық екінші ақылмен танылатындармен жасалатындардың шексіз болғанындағыдай. Екі сезіммен қабылданатының немесе ақылмен танылатынның арасындағы кез-келген байланыс қандай да бір қатынас пен байланыс арқылы жүзеге асады. (92 б). Сондықтан да егер де қандайда бір байланыс болса және екі сезіммен қабылданатын заттардың олардың бірігуі арқылы болатын байланысы тән нәрсе болатын болса, онда күмәнсіз бүл жерде қандай да бір байланыс бары мәлім және барлығы да солай шексіз ұласа бермек.
  • Machabbat Ospanbaevacompartió una citahace 5 años
    Оларға тиесілі нәрсенің шексіздікке өтуі үшін солай болғаны керек те шығар. "Қатынастың қатынасы", "байланыстың байланысы", "байланыстың байланысының байланысы" деген тіркестер айтқандай оларды шексіздікті үзу үшін қолданады.
  • Machabbat Ospanbaevacompartió una citahace 5 años
    Кейбір адамдар қатынастардың барлық түрлерін қатынас деп атайды, олар оны байланыс категория лары н қамтитын тек деп анықтайды. Бұндай категориялар саны жетеу /14/, жоғарыда келтірілген, ешқандай есімдікте орналаспаған және ешбір есімдік туралы айтпайтын /15/ "бұл не?", "ол қанша", "ол қандай?", "ол әрекет ететіндігін", анықтайтын нәрсе; "ол әрекетке ұшырайтындығын" анықтайтын нәрсе; оның жағдайы; оның әлденеге деген қатынасы. Басқалары қатынасқа белгілі бір форма алып енгізеді, оны қатынасты деп есептейді сөйтіп, категориялардың (санын) алтыға дейін жеткізеді. Бірақ жағдай оны форма арқылы қатынастырылған нәрсе ретінде анық анықтамайды, әйтсе де, ол әлденемен қатынасты болып қалуы да мүмкін. Мысалы, адам әлденемен қатынасты болуы мүмкін, сондай-ақ, сызық қатынасты болып шығуы мүмкін.

    Бірақ "жағдай" категориясының құрамына өз мәнінде жағдай болып табылатын мен қатынасты жағдай болып табылатын нәрселер енеді. Мысалы, "қайда" дегеннің түрлері бар болатындығы сияқты, өз мәнінде "қайда" болып табылатын мен қатынасы бойынша "қайда" болып табылады. Оның үстіне, заттың қандай да бір жағдайы да болады. Жағдай зат үшін субстрактың кездейсоқ белгісі ретіндегі жағдайдай жағдай болып табылады. Ендеше, дәл сондай қатынасты да болады. Ендеше оны ақшаңқандықтың аққа қатыстылығы сынды салыстырып қарауға болады, өйткені ол әрбір субстратта бар акциденцияға тән нәрсе.

    Осы жағдайда оны оған қатынастылық тән нәрсе ретінде (қарастыруға болады), бірақ оны ол жағдай деп қарастырмайды. Оның болмысының мәні тек қатынас арқылы толығатын болған күннің өзінде (93 б.). Жағдай, өйткені мекеннің нақты бөліктеріне сай дене бөліктері бар болғандағыдай - бұл тек қатынас болып табылады. Сонымен, осы жағдайдың болмысының мәнінің бір бөлігі қатынас түрлерінің біреуі болып шығады. Бұдан ол қатынас категориясына бағынышты болуы керектігі шықпайды. Ол "қанша" деген категорияға жататындардың көбі сияқты емес. Мейлі ол үзік болсын, мейлі ол үзік пен үздіксіз қатынас арқылы қатынастырылған болып шығады. Бірақ сызық арқылы қатынасты және бөлінбестей болып шықпайды.
fb2epub
Arrastra y suelta tus archivos (no más de 5 por vez)