О, аяңдар мен нышандар! Көріне сала жоғалуға неге асығасыңдар сендер? Сендер сақтандырмайсыңдар, о, көлеңкелер, сендер әншейін біздің болашағымызды нұсқайсыңдар! Болашақты нұсқағандарың сол, жан күйімізді жайып салғызып айғаққа шығарасыңдар. Өйткені сыртқы дүние бізді тек сәл-пәл тежейді, ал бізді еліктіріп алға құлшындыратын жан күйіміздің тұңғиықтағы аңсар-мұқтаждары ғана!