bookmate game
kk
Gratis
Шерхан Мұртаза

Ай мен Айша

  • b9705147520compartió una citahace 5 años
    Тұла бойы тұнған намыстан жаралған қайран қазақ. Намысы мол, айласы аз, бағы да сол, соры да сол.
  • Акжунис Омиржановаcompartió una citahace 5 años
    Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық деген осы болар. Сә
  • b2674435205compartió una citahace 5 años
    Қайда бармас, нелер көрмес ер жігіт пен ат басы
  • Asem Serikbaicompartió una citahace 6 años
    Қасқыр жазда түлейді. Киімін ол да жеңілдетеді. Ал қыста қырық градус аязыңа бүлк етпей жорта беретін көк бөрің – осы. Аңшылар оны осы кезде аулайды.
    Қасқыр затын адамдар жек көреді. Көбі қорқады,тіптен бәрі қорқады. Малын жеп қояды, содан өштеседі. Ал адам мал жемей ме? Жейді. Оны ешкім күстәналамайды.
    Қасқырдың адамнан өзгешелігі – адам бәрін жей береді. Шөп-шаламды да азық қылады. Тіпті бақа-шаян жейтін ел де бар. Ал қасқыр шөп жей алмайды. Тек емдік үшін өте сирек дәру шөптерді қажағаны болмаса, шөп атаулыны аузына алмайды. Ал әлдеқалай ауырса – тек асыл тамырды ғана татады. Өзін-өзі емдемесе, қасқырды кім емдейді?! Табиғат солай жаратқан.
    Қасқыр тек етпен ғана қоректенеді. Су ішеді. Арақ ішпейді. Ол Құдайдан шекер мен бал сұрап жатқан жоқ. Ананас пен банан талап етпейді. Оның бәрі адамдардың ермегі. Қасқыр адамдар сияқты тойымсыз, тәуфихсыз емес. Бөрі баласын жұрт: «қорқау, қомағай» деп ғайбаттайды. Бәрі бекер. Қомағайлық, қорқаулық алдымен адамға тән.
    Құдай солай жаратты. Оған бөрі баласы кінәлі ме? Амал жоқ, ет керек, еттен басқа қорегі жоқ.
    Қасқырды жамандап жатқандарды көргенде, мен ішімнен:
    − Уа, қасиетті киеміз, бұл пенделерді кешіре гөр, – деп отырамын.
    Көк Бөрі біздің қасиетті киеміз ғой. Көк Түрік заманында көк байраққа алтындап, Көк Бөрінің басын салып қояды екен. Сол тегін деп пе едіңіз?! Тегін емес қой. Қазіргі көк байрағымызға:
    − Бөрінің басын салайық, – деп ұсынғанымда, кәдімгідей ақылды, биік дәрежелі, лауазымды адамдар күлді:
    − Ай, осы жазушылар-ай, қайдағы жоқты айтады, – деді. Амал не, көп айтса, көнесің дағы. Мейлі, келер ұрпақ бізден гөрі парасаттырақ болса, түзетіп алар.
  • Bayan Seitkazinacompartió una citahace 5 años
    Құдайдың өлшеп берген өмірінің тағы бір күні өтті.
  • Нурайым Орынбаеваcompartió una citahace 4 años
    Өмір заңы: бала-бала болуы керек. Балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек. Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін есейгенде аңсап тұрасың.
  • Gulcompartió una citahace 6 años
    Біздікі биіктегі етке жете алмаған мысықтың: «анау еттің сасығын-ай» дегені сияқты бір далбаса ғой.
  • b4315023083compartió una citahace 4 años
    Адам баласын бақытты ету үшін Аспандағы Айды ерттеп мініп, жұлдыздарды жетектеп келу шарт емес екен.
  • Шынгыс Жиенбайcompartió una citahace 4 años
    Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде
  • b4549358579compartió una citahace 2 años
    Өсе келе, көпті көрдім, дүниенің шартарабын араладым. Бірақ соның бәрі мені балалық шағымдай байыта алмады.
fb2epub
Arrastra y suelta tus archivos (no más de 5 por vez)