bookmate game

Исраил Сапарбай

  • Ұлан Несіпбайcompartió una citahace 3 meses
    Көздерiңе бiр мұңды құйып алып

    Маған қарай бересiң жиi нағып?

    Сенесiң бе,

    Соңымнан ересiң бе,

    Кетер болсам көз көрмес қиырға алып?

    Қалқам, маған, өтiнем, қиылмағын,

    Қиылмағын, онсыз да қиын халiм.
  • Ұлан Несіпбайcompartió una citael mes pasado
    Сен жүрсің жұмбағыңды қиындатып,

    Мен жүрмін мимырт халде миым қатып.

    «Бұл қалай?» – деп сұрауға мұршасы жоқ

    Күн мен ай өтіп жатыр құйындатып.
  • b4090035644compartió una citahace 2 años
    Сұлуды сипаттаудың отыздан аса баламасын таптым, мықты болсаң, соны сен қырықтан асырып, елуге жеткізші?”
  • Асел Умурзаковаcompartió una citahace 2 años
    кешегі Біржан, Ақан, Жаяу Мұсалар да өздері шығарып, өздері айтқан. Бірақ олар, сол Гамлет айтқандай, ақыл құдіреті Тәңірге тән — табиғаттың артып туған айрықша адамдары ғой! Тәңірдің әмірімен адамның құрсағынан шыққан дүние Уақыттың құрсауына бағынушы ма еді?! Ал мыналар... өзіміздің қарасирақ “ақүрпектерді” айтам, әуен-саздан ада-күде, өлең сөзден өрмекші ғұрлы өнер тоқи алмаған, өңешіне жел толған өлермендер ғой, бар болғаны. Осыған қарап өлермендер өміршең ғана емес, тамыршаң да екен-ау деген ойға келесің.
  • Асел Умурзаковаcompartió una citahace 2 años
    Парасат биігіндегі адам Саясат сайтанының арбауына бой алдырмайды.
  • Асел Умурзаковаcompartió una citahace 2 años
    Жер — адамның игілігі болғанымен, Алланың иелігі екенін аз күнде ада-күде ұмытып шыға келдік. Осыншама азғындайтындай, құдай-ау, бізге не көрінді?
  • Асел Умурзаковаcompartió una citahace 2 años
    Кім біліпті жалғанда жазылғанын маңдайға?

    Тәңір біреу болғанмен тағдырды адам таңдай ма?.
  • Асел Умурзаковаcompartió una citahace 2 años
    Арнаңнан асып-таспа –

    Төгіліп қаласың.

    Көпке топырақ шашпа –

    Көміліп қаласың!..
  • Асел Умурзаковаcompartió una citahace 2 años
    Ескендір Зұлқарнайын ақтық ауасын алқына жұтты да, ақтық демін шығарарда мынаны әрең-әрең айтып үлгірді:

    – Табытқа салар алдында оның бір жағын тесіп, қолымды шығарып, алақанымды ашық қалдырыңдар. Сөйтіңдер де адамы көп алаңмен алып жүріңдер. Жұрт көрсін — жер-жаһанды жаулаған Ескендірдің де мынау фәниден бақиға түк өндіре алмай құралақан қайтып бара жатқанын! Жинадық, тердік, сандыққа салдық, қапшыққа тықтық... бәрі әдірем қалды. Сорым құрысын, сорым!.. Дүние – сусыған құм екен, уыста ұстап тұра алмадық. Дүние – сырғыған су екен, ындынды қандыра алмадық. Дүние — сыңсыған ну екен, көзді тойдыра алмадық. Ақыр соңында айдалада, жат бір елде Әзірейілдің ырқына көніп, Ажалдың құрығына іліктім.
  • Асел Умурзаковаcompartió una citahace 2 años
    Жылауын жүрек жылап, көзіңнен жас ағатыны несі екен?
fb2epub
Arrastra y suelta tus archivos (no más de 5 por vez)