Бауыржан Момышұлы

  • Jalgyztaucompartió una citahace 2 años
    Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі тұр құлағымда.
  • Jalgyztaucompartió una citahace 2 años
    Өйткені есейе келе көрген көп ұстаздарым талай-талай тағылымға бой ұрғызғанымен, солардың бірде-бірі нақ өзімнің әжемдей, әке-шешем мен ауылдың қадірлі ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ десем, ардақты ұстаздарымның көңіліне келмес.
  • Jalgyztaucompartió una citahace 2 años
    Алғашқы мүшел — нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде елдің ауыл-аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші мүшел — баланың жеті жасқа толған күні. «Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді» деп тегін айтылмаған ғой. Сол жетіге толған күні әрең аяғын жерде нық басты деп санайды. Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы қадамы да осы жерден басталса керек. Ата-ана мен төңірекке бұл үлкен қуаныш. Ендігі мүшел — 13 жас. «Он үште отау иесі» деген мақал бар. Бұл енді оңды-солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есендесер, ақыл бөлісер кезең келді деген сөз. Енді сен өзгенің жетегінен гөрі өзің тізгін ұстағанды, өзің ат жалын тартып мінгенді қалайсың. Азамат мүшелінің алды осы. Ең ақыры толықсыған жігіт шақтың мүшелі — жиырма бес жас.
  • Jalgyztaucompartió una citahace 2 años
    Кейде «түйедей бойың болса да, тышқандай ақылың жоқ» деп неге ұрсады дейсің адамдар. Бұл бойыңа сенбе, ойыңа сен, мақтан сөзге ерме, мағыналы тірлікке ер дегені.
  • Jalgyztaucompartió una citahace 2 años
    Біздің елде жұқпа дейтін тамақ болады. Қамырды жұқалап жайып, ыстаған қазан түбіне кептеп жапсырып пісіреді. Қамыр жабысып күймес үшін қазан түбін құйрықпен майлап отырады. Жұқа піскен нанды қатырма дейді. Қатырманы суға не сүтке салып қайта пісіріп былбыратады да, үстіне сары май салып орап дастарқанға қояды.
  • Jalgyztaucompartió una citahace 2 años
    «Жақсы сөз жан семіртеді, құлақ құрышын қандырады, үмітіңді үдетеді, жүрекке қанат бітіреді... Сендердің жарқын жүздеріңе көз тойдырар емеспін. Жақсы сөз жарым ырыс дегендей, айтқандарың келсін. Өмір бойы ұмытпаспын сендерді».
  • Jalgyztaucompartió una citahace 2 años
    Тәңірім тілеулеріңді берсін, қастарыңа қыдыр ерсін. Қашан да оң жол болсын, қызықтарың мол болсын. Ат-көлігің мұқалмасын, азаматтар жұқармасын, аумин!
  • Jalgyztaucompartió una citael año pasado
    Ауыл-ауылға, ата-атаға арнап жыртыс жыртылды.
  • Jalgyztaucompartió una citael año pasado
    Ақымақ бақыттың басына қонғанын білместен, ұшқанын бір-ақ сезеді деген осы екен ғой
  • b8356700819compartió una citahace 8 meses
    Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам.
fb2epub
Arrastra y suelta tus archivos (no más de 5 por vez)