Думан Рамазан

  • b7831145975compartió una citahace 2 años
    бiр нәрседен қорқамын! – дедiм әңгiменi басқа арнаға бұрғым келiп.

    – Неден?

    – Ғашықтықтан... Ғашық болып қалудан. Ғашықтықтың азабынан.
  • b1914614558compartió una citahace 2 años
    Қарақотырлана бастаған махаббат жарасын тағы да өзің тырнай қанатып, жанымды жаралап кеттің!..
  • Assel Tulegenovacompartió una citahace 2 años
    Сен Аяулым десе, аяулы едің-ау!.. Атыңа затың сай еді!..

    Біз екеуміз беймезгілде кездесіп, бейуақытта қоштасқан ғашықтар... жо.. жоқ... бейбақтар едік!..
  • Assel Tulegenovacompartió una citahace 2 años
    Көңіл сені жоқтайды, жаным сені аңсайды, жүрек сені іздейді... Сені көргім келеді. Саған қарай құстай ұшқым келеді. Бауырыма басқым келеді. Құшағыма қысқым келеді. Бірақ, осының бәрі құр қиял екенін ойлағанда, жанымды қоярға жер таппай, аш қасқырдай аласұрамын.
  • Assel Tulegenovacompartió una citahace 2 años
    Сол жылғы көктем тым жылауық болды. Көк аспан көбесi қақ айырылып, егiлiп тұратын. Қара жердiң қабырғасы қайысып, езiлiп жататын.
  • Assel Tulegenovacompartió una citahace 2 años
    , пендешiлiк-ай!.. Пендемiн ғой!” дейтiнмiн өз арымның алдында ақталған болып. “Бұл пендешiлiк емес, нәпсiқұмарлық! – дейдi iшкi ойым. – Сен құлсың. Нәпсiнiң құлысың! Азат емессiң! Егер нәпсiңдi тыймасаң, өмiрден құл боп өтесiң. Адам еркiндiктi сүймей ме?!.. Сондықтан нәпсiңдi тый! Нәпсiңнiң патшасы бола бiл!.. Сәждеге, намазға жығыл. Алланы сүй! Аллаға деген махаббатың оянсын!
  • Assel Tulegenovacompartió una citahace 2 años
    – Сұрай ғой, жаным!

    – Адамның жаны, жүрегi егiз боп жаратылады деген сөз рас па?

    – Иә... солай...

    – Сол егiз жан бiр-бiрiн iздеп жүредi екен, сол егiз жүрек бiр-бiрiн аңсап жүредi екен!..

    – Иә... ол да рас... Жалғыздық Құдайға ғана жарасады. Қалған тiрi жан иесiнiң бәрiнiң сыңары болады.
  • b7831145975compartió una citahace 2 años
    Жастығың мен сұлулығыңнан жасқанып, бiрден желдей үйiрiп әкетуге батылым жете бермеген. Шоқтай жанған жанарыңдағы жарқыл да өңменiмнен өткендей, жiгерiм жасып, алыпқашпа көңiлiм жүнделген түйедей жуасып сала беретiн.
  • b7831145975compartió una citahace 2 años
    Алғашында құмарлық, пәндәуи ойлар басым болатын. Бiрте-бiрте жақсы көру сезiмдерiм ояна бастады. Кейде өзiмдi-өзiм кiнәлап, күстаналайтынмын.
  • b7831145975compartió una citahace 2 años
    “Бұл пендешiлiк емес, нәпсiқұмарлық! – дейдi iшкi ойым. – Сен құлсың. Нәпсiнiң құлысың! Азат емессiң! Егер нәпсiңдi тыймасаң, өмiрден құл боп өтесiң. Адам еркiндiктi сүймей ме?!.. Сондықтан нәпсiңдi тый! Нәпсiңнiң патшасы бола бiл!.. Сәждеге, намазға жығыл. Алланы сүй! Аллаға деген махаббатың оянсын!
fb2epub
Arrastra y suelta tus archivos (no más de 5 por vez)