kk
Gratis

Әл-Фарабидің философиялық мұрасынан. Кеңес кітабы

  • b3310652311compartió una citahace 3 años
    Мидың дұрыс ойлау қуаты, бізде Хақты Хақ деп біліп, оған сеніп, бұрысты-бұрыс деп біліп, одан қашатын, Хаққа ұқсайтын хақ болмағандығы одан ажырататын және қателеспейтін, хақ болса да бұрысқа ұқсайтынды білетін яғни алданбайтын бір қуат бар кезде пайда болады. Бізге бүл қуатты беретін ғылым — логика.
  • b3310652311compartió una citahace 3 años
    Осыған ұқсас іс-әрекеттер де орта деңгейді жоғалтады және керекті мөлшерден артық немесе аз болса жаман мінез-құлыққа апарады немесе оны жоғалтпай, жақсы мінез-құлықты жояды.
  • b3310652311compartió una citahace 3 años
    Мінез-құлықтан туындайтын бүл іс-әрекеттер мінез-құлыққа ие болмай тұрып істелінсе және дағдыға айналса, сонда мінез-құлық пайда болады (ең бірінші көптеген жақсы немесе жаман әрекеттерге дағдыланудан мінез-құлық пайда болады. Кейін аты аталған әрекеттер сол мінез-құлықтан туады).
  • b3310652311compartió una citahace 3 años
    Яғни дағдылану арқылы бізге жақсы мінез-құлық беретін жақсы іс-әрекеттер қайсысы? Енді соны баяндайық: Адамның мінез-құлқының кемелдігі халықтың да кемелдігі болып табылады. Адамның мінез-құлқын кемелдендіретін іс-әрекеттер адамның тәнін кемелдендіретін іс-әрекеттерге ұқсайды. Тәннің кемелдігі — денсаулық. Денаулық бар болса, оны сақтау керек. Жоқ болса, отан жетуге тырысу керек. Тәнді сауықтыратын іс-әрекеттер тек қана қалыпты деңгейде болса ғана, саулыққа жетуге болады. Мысалы, тамақ қалыпты деңгейде болса, онымен саулыққа жетуге болады. Сол сияқты шаршау орта деңгейде болса, ол арқылы қуатқа ие болуға болады. Дәл сол секілді іс-әрекеттер де орта деңгейде болса, солар арқылы жақсы мінез-құлыққа ие боламыз. Сауықтыратын іс-әрекеттер орта деңгейді жоғалтқан кезде, саулық болмайтындығы секілді, мінез-құлыққа жеткізетін іс-әрекеттердің де орта деңгейін жоғалтқандары дағдыға айналған кезінде жақсы мінез-құлыққа ие бола алмаймыз.
  • b3310652311compartió una citahace 3 años
    Адамда мінез-құлық (ахлақ) болмаған кезде, оны адамға беретін немесе ондағы мінез-құлықты басқасына көшіретін нәрсе — дағды. Дағдыланудағы мақсат — бір әрекетті аз уақыт немесе ұзақ уақыт бойы көп рет қайталау.
fb2epub
Arrastra y suelta tus archivos (no más de 5 por vez)