kk
Gratis
Батырлар жыры

Алпамыс батырдың хикаясы

  • Zinur Erzahancompartió una citahace 3 años
    Тайша хан мен Қаражан батыр екеуі мен алам, мен алам деп ерегісе бастады. Ерегесіп екеуі кірісті. Б
  • Zinur Erzahancompartió una citahace 3 años
     Ұл дегенге ұл, қыз дегенге қыз берді. Екеуміз құда болдық. Кәрілік қарсы келгенде, жігіттік желіп өткенде, елде үлкен мейрам тойлар бар. Қара қасқа ат мінсек, ат құйрығын шарт түйсек, қартайғанда көкбары, лаққа түссек қалай болар екен, – деседі. Бедеуден сайлап мініп,
  • Zinur Erzahancompartió una citahace 3 años
    Тайша хан мен Қаражан батыр екеуі мен алам, мен алам деп ерегісе бастады. Ерегесіп екеуі кірісті.
  • Zinur Erzahancompartió una citahace 3 años
    Байсары бай туған құдасы Байбөріден көп қорлық, көп зорлық көрді.
  • Zinur Erzahancompartió una citahace 3 años
     Ұл дегенге ұл, қыз дегенге қыз берді. Екеуміз құда болдық. Кәрілік қарсы келгенде, жігіттік желіп өткенде, елде үлкен мейрам тойлар бар. Қара қасқа ат мінсек, ат құйрығын шарт түйсек, қартайғанда көкбары, лаққа түссек қалай болар екен, –
  • b7289669561compartió una citahace 5 años
    «БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН
    БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
    АЛПАМЫС БАТЫРДЫҢ ХИКАЯСЫ
    Бұрынғы өткен заманда, Жиделі Байсын деген жерде өткен
    (1922 жылғы Ә.Диваев нұсқасы)
    Бұрынғы өткен заманда, Жиделі Байсын деген елде атақты Байбөрі, Байсары деген екі бай бар екен. Төрт түлігі сай, байлығында міні жоқ, бірақ екеуі де бір баланың дертінен қайғы жеп, есіктен төрге қарауға күні жоқ еді. Екеуі отырып, бір күні Байсары бай Байбөріге айтады: “Ей, Байбөрі! Бұл дүниеден бір баласыз өтетін болдық. Әуел Хақтан ғинаят, пайғамбардан шапағат, пірлерден керемет болса, жалғыз зиярат деп Хақтан тілек етейік!” – деп.
    Бұл сөз бір-біріне мақұл келді. Қай жерде әулие болса, қоймай түнеді. Құдайдан күні-түні жылап, тілеп жүргенінде екі бай отырып уағда етеді:
     Алла Тағала біздерге көзіміздің жасын қабыл қылып, бала бере қалса, біреуміздікі ұл, біреуміздікі қыз болса, бір-бірімізбен құда болайық,деп. Ойласып екеуі де қызы, ұлы болмай тұрып, екі бай құда болып қояды.
    Жасаған рахым етіп, тілектерін қабыл етті. Арада көп уақыттар, көп күндер өтті. Елдеріне қайтудың талабында болып, ақырында сау-саламат елдеріне келді. Байбөрі байдың алғаны  Жантілес бәйбіше дейтін еді. Байсары байдың алғаны  Алтыншаш бәйбіше дейтін еді. Бұл байлар алғандарымен қызық дәурен сүрісті. Көз жастары қабыл болып, бойына бала бітіп, тоғыз ай, он бір күн көтерді. Қабырғасы қампиды, бүйрегі томпиды, кіндігі төмен өрледі, айт көзі жерді көрмей, күні мың болды. Байбөрі байдың алғаны бір ұл, [бір] қыз туды. Байсары байдың алғаны бір қыз туды. Қуаныштықтарына үлкен жиылыс той қылды. Тоқсаннан бие сойдырып, төрткілден ошақ қаздырды, алтын қабақ аттырды. Рән біреу жайлап шаптырды, палуан жігіт тұттырды. Отыз күн ойын, қырық күн тойын қылды. Ойын ішінде алтын бесікке салып, екі бай балаларын алып келді. Қожа-молдалардың алдына қойды.
     Алланың жақсы көрген пенделері, сіздер мына балаларымыздың атын қойып, баталарыңды беріңдер,  деп.
    Көп байлар сарпайлар жапты. Сол уақыттарда біреулер ол болсын, біреулер бұл болсын дейді. Байлардың көңіліне ешқайсы мақұл келмеді. Құбыла тарапына қараса басында күлә, иінінде жәнде, үс
  • Рамазан Бектурсыновcompartió una citahace 8 años

    Көп байлар сарпайлар жапты. Сол уақыттарда біреулер ол болсын, біреулер бұл болсын дейді. Байлардың көңіліне ешқайсы мақұл келмеді. Құбыла тарапына қараса басында күлә, иінінде жәнде, үстінде мелде қожа-молдалар көрді, өздері бір жақсы пенде жеті қаландар пайда болды. Қожа-молдалар айтты:
     Иә, Байбөрі! Көз жасың қабыл болған екен! Ғайыптан бақытты қаландар келді. Солар балаларыңның атын қойсын. Солар не десе, һәм біздер аумин деп қол көтерейік, – деді. Тойқанадан той үлесін берді. Жеті қаландарды ортаға шақырып алып:
    – Ғайыптан келген пендесіздер, осы балалардың атын қойыңдар! – дейді. Қаландарлар “жақсы” деп, Байбөрінің жалғыз ұлының атын  Алпамыс болсын дейді. Қызының атын Қарлығаш болсын дейді. Байсары байдың қызының атын Гүлбаршын қойды. Гүлбаршын Алпамысқа жұфұт болсын дейді.
    Алпамысты жеті қаландар алдына алып аузына, арқасына панжа ұрып:
    – Жалғыз ұлым  сен дейді. Жеті пірің  мен дейді. Тар жолда, тайғақ кешуде, басыңа іс түскен жерде “жеті кәміл пірім” деп жад етсең, Алла Тағала жар берсе, қолдамақ бізге шарт, – дейді.
    Әлгілер – ғайып ерен қырық шілтен екен. Көзден ғайып болды. Үлкен той тарқап кетті. Арадан жеті жыл өтті. Бір күні отырып екі бай кеңес етті:
     Ұл дегенге ұл, қыз дегенге қыз берді. Екеуміз құда болдық. Кәрілік қарсы келгенде, жігіттік желіп өткенде, елде үлкен мейрам тойлар бар. Қара қасқа ат мінсек, ат құйрығын шарт түйсек, қартайғанда көкбары, лаққа түссек қалай болар екен, – деседі. Бедеуден сайлап мініп, көкпарға түсті. Байсары бай лақты алды да қашты. Байбөрі бай ізінен қуып жетті. Лақтың сирағынан ұстап:  Жібер, дейді. Байсары бай жібермеді. Екеуі сол жерде тартысып, бір-біріне қамшы салып, көп әлеумет ішінде (Байбөрі бай рудан көп еді, Байсары байдың руы аз еді) көкбары лаққа таласып, шайтан ісі болды. Байсары бай туған құдасы Байбөріден көп қорлық, көп зорлық көрді. Қалса көңіл, шықса жан деген құдасынан көңілі қалды. Менің баласыз екендігімді басыма келтірді. Кемшілдік себебінен Байсары бай шығып, мерекеден үйіне қайтты. Бауырын суық жерге беріп, жеті күн, жеті түн далаға шықпай қапа болып жатты. Жатып ойланып: “Менің қияметтік құдам еді. Байбөрінің қорлығын, зорлығын көріп жүргенше және бір жұрттарға басымды алып кетейін”,  деді. Ер жігіт құдасының қорлығына шыдамай бір жұрттарға кетпек болды. “Байбөрі байға қызымды бермеймін, бұл жалғаншы дүниеде Байбөрі байдың сірә жүзін көрмейін”, деп алты айшылық, қырық күншілік жолға, Тайша ханның еліне тоқсан нарға жүк артып, Тайша қалмақтың еліне көшті. Ақбұлақ деген бұлақтың басына жетті. Түніменен жолда сахардың уақытында тоқсан нарға қайтадан жүк артып, Гүлбаршын жанды алтын кебежеге салып отырып, қара нардың үстінде Алтыншаш атты алғаны бір сөз айтты:
    – Жаңбыр жаусын, айдын көлдер сел болсын,
    Жылдан жылға бұл дәулетің мол болсын.
    Сахар уақытта тоқсан нарға жүк артып,
    Гүлбаршынның атасы, сізге жол болсын?
    Айыл тарттың дан бедеудің беліне,
    Құлақ салғын мен мұңлының тіліне.
    Сахар уақытта тоқсан нарға жүк салып,
    Сен барасың қандай шаһтың еліне?
    Сонда Байсары байдың берген жауабы:
    – Маңдайыңда қиылғандай қалам қас,
    10. Қорлықпенен өтпейді екен ішкен ас.
    Көрген қорлығымды баян етейін –
    Кемдік тартып жылай берме, Алтыншаш!
    Он төртінде толып туған ай едік,
    Бұл дүниеде төрт түлікке сай едік.
    Аздан дәурен сүрген көп [қой] елімде,
    Бұл жұрттарда екі теңдес бай едік.
    Он төртімде толып туған ай болды,
    Бұл дүниеде төрт түлігім сай болды.
    Аздан дәурен сүрген көп қой елімде,
    20. Ат шаптырған күнде мейрам той болды.
    Дүлле көңілім тасқанмын,
    Бедеуге қамшы басқанмын.
    Есерде алған далада
    Лақты алып қашқанмын.
    Мақсатқа кімдер теңелді,
    Бір зиярат қадірі бізге өткен-ді.
    Қияметтік құдам еді Байбөрі,
    Кейінімнен қуып теңелді.
    Қияметтік құдамнан
    30. Басыма қамшы тиген-ді.
    Алдымда ағам жоғынан,
    Кейінімде інім жоғынан
    Бір баланың кемінен,
    Қияметтік құдамнан
    Басыма қамшы тигенде,
    Тарттым айыл нар түйенің беліне.
    Алты айшылық, қырық күншілік жол жүріп,
    Мен барамын Тайша қалмақ еліне.
    Ат құйрығын түйермін,
    40. Армансыз дәурен сүрермін.
    Жалғыз қызым Баршынды
    Дін білмеген қалмаққа
    Сайлап жүріп берермін.
    Алтыншаштың жауабы:
    – Мен жылаймын көзде жасым көл болып,
    Артым жапқан [қара] шашым жол болып.
  • Рамазан Бектурсыновcompartió una citahace 8 años
    «БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН
    БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
    АЛПАМЫС БАТЫРДЫҢ ХИКАЯСЫ
    Бұрынғы өткен заманда, Жиделі Байсын деген жерде өткен
    (1922 жылғы Ә.Диваев нұсқасы)
    Бұрынғы өткен заманда, Жиделі Байсын деген елде атақты Байбөрі, Байсары деген екі бай бар екен. Төрт түлігі сай, байлығында міні жоқ, бірақ екеуі де бір баланың дертінен қайғы жеп, есіктен төрге қарауға күні жоқ еді. Екеуі отырып, бір күні Байсары бай Байбөріге айтады: “Ей, Байбөрі! Бұл дүниеден бір баласыз өтетін болдық. Әуел Хақтан ғинаят, пайғамбардан шапағат, пірлерден керемет болса, жалғыз зиярат деп Хақтан тілек етейік!” – деп.
    Бұл сөз бір-біріне мақұл келді. Қай жерде әулие болса, қоймай түнеді. Құдайдан күні-түні жылап, тілеп жүргенінде екі бай отырып уағда етеді:
     Алла Тағала біздерге көзіміздің жасын қабыл қылып, бала бере қалса, біреуміздікі ұл, біреуміздікі қыз болса, бір-бірімізбен құда болайық,деп. Ойласып екеуі де қызы, ұлы болмай тұрып, екі бай құда болып қояды.
    Жасаған рахым етіп, тілектерін қабыл етті. Арада көп уақыттар, көп күндер өтті. Елдеріне қайтудың талабында болып, ақырында сау-саламат елдеріне келді. Байбөрі байдың алғаны  Жантілес бәйбіше дейтін еді. Байсары байдың алғаны  Алтыншаш бәйбіше дейтін еді. Бұл байлар алғандарымен қызық дәурен сүрісті. Көз жастары қабыл болып, бойына бала бітіп, тоғыз ай, он бір күн көтерді. Қабырғасы қампиды, бүйрегі томпиды, кіндігі төмен өрледі, айт көзі жерді көрмей, күні мың болды. Байбөрі байдың алғаны бір ұл, [бір] қыз туды. Байсары байдың алғаны бір қыз туды. Қуаныштықтарына үлкен жиылыс той қылды. Тоқсаннан бие сойдырып, төрткілден ошақ қаздырды, алтын қабақ аттырды. Рән біреу жайлап шаптырды, палуан жігіт тұттырды. Отыз күн ойын, қырық күн тойын қылды. Ойын ішінде алтын бесікке салып, екі бай балаларын алып келді. Қожа-молдалардың алдына қойды.
     Алланың жақсы көрген пенделері, сіздер мына балаларымыздың атын қойып, баталарыңды беріңдер,  деп.
    Көп байлар сарпайлар жапты. Сол уақыттарда біреулер ол болсын, біреулер бұл болсын дейді. Байлардың көңіліне ешқайсы мақұл келмеді. Құбыла тарапына қараса басында күлә, иінінде жәнде, үстінде мелде қожа-молдалар көрді, өздері бір жақсы пенде жеті қаландар пайда болды. Қожа-молдалар айтты:
     Иә, Байбөрі! Көз жасың қабыл болған екен! Ғайыптан бақытты қаландар келді. Солар балаларыңның атын қойсын. Солар не десе, һәм біздер аумин деп қол көтерейік, – деді. Тойқанадан той үлесін берді. Жеті қаландарды ортаға шақырып алып:
    – Ғайыптан келген пендесіздер, осы балалардың атын қойыңдар! – дейді. Қаландарлар “жақсы” деп, Байбөрінің жалғыз ұлының атын  Алпамыс болсын дейді. Қызының атын Қарлығаш болсын дейді. Байсары байдың қызының атын Гүлбаршын қойды. Гүлбаршын Алпамысқа жұфұт болсын дейді.
    Алпамысты жеті қаландар алдына алып аузына, арқасына панжа ұрып:
    – Жалғыз ұлым  сен дейді. Жеті пірің  мен дейді. Тар жолда, тайғақ кешуде, басыңа іс түскен жерде “жеті кәміл пірім” деп жад етсең, Алла Тағала жар берсе, қолдамақ бізге шарт, – дейді.
    Әлгілер – ғайып ерен қырық шілтен екен. Көзден ғайып болды. Үлкен той тарқап кетті. Арадан жеті жыл өтті. Бір күні отырып екі бай кеңес етті:
     Ұл дегенге ұл, қыз дегенге қыз берді. Екеуміз құда болдық. Кәрілік қарсы келгенде, жігіттік желіп өткенде, елде үлкен мейрам тойлар бар. Қара қасқа ат мінсек, ат құйрығын шарт түйсек, қартайғанда көкбары, лаққа түссек қалай болар екен, – деседі. Бедеуден сайлап мініп, көкпарға түсті. Байсары бай лақты алды да қашты. Байбөрі бай ізінен қуып жетті. Лақтың сирағынан ұстап:  Жібер, дейді. Байсары бай жібермеді. Екеуі сол жерде тартысып, бір-біріне қамшы салып, көп әлеумет ішінде (Байбөрі бай рудан көп еді, Байсары байдың руы аз еді) көкбары лаққа таласып, шайтан ісі болды. Байсары бай туған құдасы Байбөріден көп қорлық, көп зорлық көрді. Қалса көңіл, шықса жан деген құдасынан көңілі қалды. Менің баласыз екендігімді басыма келтірді. Кемшілдік себебінен Байсары бай шығып, мерекеден үйіне қайтты. Бауырын суық жерге беріп, жеті күн, жеті түн далаға шықпай қапа болып жатты. Жатып ойланып: “Менің қияметтік құдам еді. Байбөрінің қорлығын, зорлығын көріп жүргенше және бір жұрттарға басымды
fb2epub
Arrastra y suelta tus archivos (no más de 5 por vez)