Тәнді көмер топырақ көмбес бірақ Жалынды жырға толы көңілімді. «Өлді» — деуге сыя ма, айтыңдаршы, Жеңіп өлсек сұрапыл бұл өлімді! —
Салтанат Кенесоваcompartió una citahace 5 años
..Бас-аяғы бір сағаттан асар-аспас уақыт қой. Осы мезгіл ішінде мен қарт ананың қас-қабағынан көз алмадым. Оның қуанғанын да, жыламасқа дәті қайсы, жылағанын да көрдім. Көрдім де, ана жаны тастай берік, гүлдей нәзік екен деген ойға келдім.
Салтанат Кенесоваcompartió una citahace 5 años
Мен ойладым. Мен мына кішкентай адамның үлкен жан дүниесіне үңілгім келді, оның жан тебіренісін көз алдыма елестеткім келді. Мен былай ойладым. Сонау соғыс жылдары осы анаға: «балаң асқан ерлікпен қаза болды» деп естіртті. «Жаудың ондаған самолеттері мен танктерін, жүздеген әскерін жайратып жүргенде, ақиық сұңқарға аспандағы айқаста топшысынан оқ тиіп мерт болды» деді.