kk
Gratis
Ыбырай Алтынсарин

Данышпан қазы

  • Манар Омирсерикcompartió una citahace 7 años
    Данышпан қазы
    Алжир жұртының патшасы Бауақас деген қол астындағы қалалардың біреуінде бір данышпан қазы бар, онан өтірік айтып ешкім құтылмайды, даугердің қайсысының ісінің ақ екенін айтпай табады деп есітіп, рас па екен білейінші деп, бір көпес кескінді киініп, қазыға қарай жүрді дейді. Қалаға кіре бергенде, бір аяғы жок ақсақ тіленші қайыр сұрады. Бауақас қайыр беріп өтейін деп еді, тіленші етегінен ұстап айрылмады.
    - Мен қайыр бергенім жоқ па, енді не керек - деді Бауакас.
    Тіленші айтты:
    - Қайыр бердің, бірақ тағы бір қайыр қыл, мені мінгестіріп орам ортасына жеткізіп таста, әйтпесе базардағы ат пен түйелер басып кете ме деп қорқамын -деді.
    Бауақас тіленшіні міңгестіріп, орам ортасына жеткен соң тіленшіні түсірейін деп тоқтады. Тіленші түспеді. Бауақас айтты:
    - Енді неге тұрсың, түс, орам ортасына жеттік қой.
    Тіленші айтты:
    - Here түсейін, ат менікі, атыма дау еткің келсе қазыға жүр
  • Asem Sultancompartió una citahace 8 años
    Данышпан қазы
    Алжир жұртының патшасы Бауақас деген қол астындағы қалалардың біреуінде бір данышпан қазы бар, онан өтірік айтып ешкім құтылмайды, даугердің қайсысының ісінің ақ екенін айтпай табады деп есітіп, рас па екен білейінші деп, бір көпес кескінді киініп, қазыға қарай жүрді дейді. Қалаға кіре бергенде, бір аяғы жок ақсақ тіленші қайыр сұрады. Бауақас қайыр беріп өтейін деп еді, тіленші етегінен ұстап айрылмады.
    - Мен қайыр бергенім жоқ па, енді не керек - деді Бауакас.
    Тіленші айтты:
  • Asem Sultancompartió una citahace 8 años
    алып

    - Here түсейін, ат менікі, атыма дау еткің келсе қазыға жүр.
    Төңіректегі халық жыйылып, бұлардың дауын есітеді, бәрі де айтты:
    - Қазыға барыңыз, ол қайсыңның ақ-қарадды табар - деп. Бауақас тіленшімен қазыға келісті. Келсе, қазының алдында бұрынырақ келіп тұрған да даугерлер бар екен. Қазы ретпен сұрап отырып, бір молда мен мужикті шақырды. Бұл екеуі бір қатынға талас, молда менің қатыным, мужик менің қатыным дейді. Сөздерін тыңдап болып, оларға қазы айтты:
    - Қатынды мұнда қалдырып, өздеріңіз ертең келіңіз.
    Олардан соң рет бір қасапшы мен май сатушыға келді. Қасапшының тұла-бойы қан майшының үсті-басы май. Қасапшының қолында ұстаған ақшасы бар, майшы сол ақша ұстаған қолынан ұстая жібермей тұр. Қасапшы айтады:
    - Мен бұл майшыдан май сатып алып, ақшасын беруге қалтамды шығарып едім, майшы ақшаңның бәрін тартып аламын деп қолымнан ұстады. Сол ұстаған қалыбымен ақшаны тартып алалмаған соң, саған бәле саламын деп сізге келді.
    Майшы айтты:
    - Бұл сөзі өтірік, қазы. Қасапшы маған май сатып алуға келген соң, бір бақыраш май кұйып бердім. Сонда қасапшы айтты: бір алтын айырып берейін деп. Мен айырып берейін деп қалтасымен ақшамды шығарып, алдымыздағы тақтайға қойғанымда, қасапшы
fb2epub
Arrastra y suelta tus archivos (no más de 5 por vez)