Бердібек Соқпақбаев

  • kzaricompartió una citahace 2 años
    Көгендеген қозыдай уақыттың
  • Жəудір Болатқызыcompartió una citahace 2 años
    Ауылдың дәл қасындағы түбекшеге тұсап қойған тор ат бір күні тұсауымен Текеске түсіп, өліп қалыпты. Ішіне су толған қарнын қампитып, бірнеше адам жағаға сүйреп шығарды. Мал иелерінің сондағы боздап жылағанын керсеңіз. Шал да, Мұқамеди де, әйелдері де, тіпті кішкентай Садық та мал емес, ең бір аяулы жақын адамдары өлгендей көздерінің жасы көл болып, еңіреп жүр. Қазаққа малдың қаншалық жақын екенін мен сонда білдім. Бір үйдің бүкіл үміт-тіршілігі, күн көрісі торы атпен қоса өлгендей еді
  • b3265737560compartió una citahace 2 años
    Балалық шақтың ең арғы түкпірінен есімде қалған суреттер, міне, осы тәрізді: біреуіне біреуі жалғаспайды, үзік-үзік. Мас болып немесе ұйықтап отырып көрген кино тәрізді. Басы болса, аяғы жоқ. Аяғы болса, басы жоқ. Көгендеген қозыдай уақыттың желісіне тізіп тастап, рет-ретімен баяндауға келмейді
  • b3265737560compartió una citahace 2 años
    Балалар, менің қымбатты жас достарым. Мынау қатал дүниеде әкесі не шешесі өліп жетім қалу секілді бақытсыздық әркімнің-ақ басында кездесуі мүмкін. Ол секілді жаны жаралы балалар, мүмкін, араларыңда да бар шығар. Сендер қанша араз болсаңдар да, оларға «жетім» деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар. Ұр, соқ, төбелес. Тіпті етінен ет кесіп ал. Ал бірақ әлгідей деп тілдеме. Тағдыр онсыз да аяусыз жазалаған бейшараның адамшылық менмендігін «жетім» деген сөз біржолата жер етіп, таптап кететінін сендер ұғыңдар. Аяңдар
  • b3265737560compartió una citahace 2 años
    Өсек — ол ағаш тамырына түскен құрт тәрізді емес пе? Дер кезінде бір шара қолданбасаң, үңгіп жей береді де, сап-сау ағашты құлатып бір-ақ тынады
  • b3265737560compartió una citahace 2 años
    Осының бәрі-бәрі маған тым жақын, таныс өмір тәрізді. Бір ысып, бір суымай, толқымай оқу еш мүмкін емес. Қандай аяныш! Қандай қатыгез тірлік! Жазушы бәрінің ізін аңдып, өз көзімен керіп, біліп жазған секілді
  • dildash150619compartió una citahace 2 años
    О, жалған дүние! Ана құшағындай ыстық та мейірбан не бар сенің жүзінде?! Осы құшақ тұрғанда, мен басқа ештеңені де арман етпеймін. Ешбір бақыт-байлыққа, салтанатқа мен бұл құшақты айырбастамақшы емеспін.
  • dildash150619compartió una citahace 2 años
    Қазақ бұны нырай қалдық дейді. Яғни ауадан басқа жейтін түк жоқ деген сөз.
  • dildash150619compartió una citahace 2 años
    Сендер қанша араз болсаңдар да, оларға «жетім» деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар. Ұр, соқ, төбелес. Тіпті етінен ет кесіп ал. Ал бірақ әлгідей деп тілдеме. Тағдыр онсыз да аяусыз жазалаған бейшараның адамшылық менмендігін «жетім» деген сөз біржолата жер етіп, таптап кететінін сендер ұғыңдар. Аяңдар!
  • dildash150619compartió una citahace 2 años
    Өсек — ол ағаш тамырына түскен құрт тәрізді емес пе? Дер кезінде бір шара қолданбасаң, үңгіп жей береді де, сап-сау ағашты құлатып бір-ақ тынады. Мәуелеп тұрған жас терек — жас семья ғұмыры бітіп, құлауға жақын еді.
fb2epub
Arrastra y suelta tus archivos (no más de 5 por vez)