Моғол, Жағатай әмірлерінің шешуімен Исан-Бұғының қырқы өтпей, Жұныс сұлтан Моғолстан ханы тағына отырды.
Бүкіл Нарын, Қашқар, Құмнат, Қастек, Сары ұйғыр маңындағы Үйсін, Жалайыр, Ұйғыр, Албан елдерінен өзінің бес жүз атты әскеріне бес мың салт атты сойылгерлерін қосып, Қытайдың қалың жаяу әскерімен қан майданда үш мәртебе кездесіп, ақырында өздерінің шыққан жері — «Қытай қабырғасынан» әрі асыра қуып тастап, Шу бойынан Әдік Моғолстан шекарасына екі рет барып қайтты. Сондай-ақ Ойрат қонтайшысы Амансанджиға «байқа, бұл араның Керей, Найманының қорғанышы бар» деп ығай мен сығайдан құрылған бес мың әскерімен қыр көрсетіп еріксіз бітімге көндіріп, Қамбар батыр да Ойрат жерінде екі рет болған. Осындай жағдайда тек Әбілқайыр жағына сескене қараған Жәнібек пен Керей, қазақ хандығының туын көтеріп, енді еркін: қимылдай бастад